Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда немересін құтқармақ болған ер адам суға батып кетті

Малика Хамит · · 89 қаралым
Қостанайда немересін құтқармақ болған ер адам суға батып кетті

Қостанай ауданындағы Алтын Дала ауылының маңында орналасқан Тобыл өзенінде жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға 14 маусым күні тіркелген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде 2020 жылы туған бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағысқа тап болған. Немересін құтқаруға ұмтылған атасы да суға түсіп, екеуін өзен ағысы алып кеткен.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару шараларына 100-ден астам адам қатысып, ондаған техника, қайық және ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылуда.

Құтқарушылар өзеннің едәуір бөлігін тексеріп шыққан. Қазіргі уақытта бірнеше сүңгуір тобы жұмыс істеп, іздеу аумағы кеңейтілген.

Мамандар су айдындары маңында демалатын азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті.

[video width="1276" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/112qostanai_1781588142433.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp