Фото: ашық дереккөз
Қостанайда шорт-тректен жаттықтырушы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды. Ол жарыстарға жоқ адамдарды алып барған. Ал спортшыларға арналған қаржыны өз депозитінде сақтаған. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаттықтырушы спортшыларды жарыс пен дайындыққа апарып, бұл үшін қаржы алып келген. Алайда кейін спортшыларда ешқайда апармағаны анықталды. Ұрланған 6 миллион теңгеден бөлек қаржыны депозитте сақтап, тағы 600 мың теңге көлемінде банк сыйақысын да алып үлгерген.
Енді жаттықтырушыға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды.
"Аталған бап бойынша күдікті 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сонымен қатар белгілі қызмет түрімен 6 жылға дейін айналысуға тыйым салынады", – деді Қостанай облысы прокурорының орынбасары Марат Игіліков.