Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайдағы түрмеде сотталушы өз-өзіне қол жұмсады

Малика Хамит · · 124 қаралым
Қостанайдағы түрмеде сотталушы өз-өзіне қол жұмсады

Сотталушының өліміне байланысты ішкі тексеріс басталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қостанай облысында орналасқан түзеу мекемелерінің бірінде сотталған азаматтың қаза болуына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқиға дерегі мекеменің бейнебақылау жүйесінде тіркелген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі мен өлімге не түрткі болған факторлар жан-жақты тексерілуде.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталған және жазасын өтеп жүрген. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp