Мазмұнға өту
qandastar.

ҚР Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға әзірше ипотеканы рәсімдемей тұруға кеңес береді

bahitzhanabzal · · 75 қаралым
ҚР Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға әзірше ипотеканы рәсімдемей тұруға кеңес береді

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов ипотека рәсімдеуге асықпауға кеңес беріп, себебін түсіндірді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, жеке инвестиция немесе қаржы саласы бойынша Қазақстан азаматтарына кеңес беру өте қиын. Өйткені, Ұлттық банктің төрағасы ретінде кеңес берсем, ол мен үшін орынсыз, дұрыс емес сияқты. Жалпы, қаржыгер, экономист ретінде айтар болсам, жоғары нарықтық мөлшерлемелер мерзімінде несие, ипотека алмай тұра тұру, кішкене кейінге шегере тұру қажет. Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме төмендейді. Сонымен бірге банктің мөлшерлемелері төмендеп, ипотека қолжетімді болады. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Кішкене күту керек, инфляция, мөлшерлеме төмендесін, – деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Дәйексөз

Осыдан бұрын Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме максималды түрде қанша болуы мүмкін екенін айтқан.

Бөлісу: Telegram WhatsApp