Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ұстанымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Песковтің айтуынша, Тоқаев - саяси тұрғыдан өте мықты әрі үлкен ресурсы бар тұлға. Кремль өкілі мұндай саяси көзқарасы қалыптасқан, ұстанымы берік және дәйекті адамдар ғана батыл мәлімдемелер жасай алатынын атап өтті.
Президент Тоқаев - саяси тұрғыдан өте мықты адам, өте мықты, орасан зор ресурсқа ие. Болашақты саяси тұрғыдан көре алатын, табанды әрі дәйекті адамдар ғана мұндай мәлімдемелер жасай алады. Басқалары мұны істей алмайды
Ол бұл пікірін Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан сөздеріне байланысты білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді жақсы білетінін айтып, оның тарихы күрделі ірі мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттерге ие екенін айтқан.