Мазмұнға өту
qandastar.

Криштиану Роналду Португалия құрамасымен қоштасты

Малика Хамит
Криштиану Роналду Португалия құрамасымен қоштасты

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы өнерін аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Осылайша, әлем футболындағы ең танымал ойыншылардың бірі Португалия құрамасымен қоштасуға шешім қабылдады.

Футболшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде хабарлаған.

41 жастағы шабуылшы Португалия құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Осы уақыт ішінде ол ұлттық команда сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Бұл – ерлер арасындағы халықаралық футболдағы әлемдік рекорд.

Роналду Португалия құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионатын, 2019 және 2025 жылдары Ұлттар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ ол 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысып, алты бірдей әлем чемпионатында алаңға шыққан алғашқы футболшы атанды.

Айта кетейік, Роналдудың ұлттық құрамадағы мансабы 23 жылға жуық уақытқа созылды. Алайда оның клубтық деңгейдегі футболшы ретіндегі мансабын жалғастыратыны туралы ақпарат бар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp