"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы компанияның жалғыз акционері – "Самұрық-Қазына" қорының шешімінде айтылған.
Ресми мәліметке сәйкес, жалғыз акционердің шешімімен Талғат Алдыбергенов басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Айта кетейік, ол бұл лауазымға 2025 жылдың 3 шілдесінде тағайындалған еді. Оған дейін "Қазақстан темір жолын" басқарған Нұрлан Сауранбаев бүгінде Қазақстанның Көлік министрі қызметін атқарып отыр.