"Бүгін "Сот кабинеті" арқылы сағат 17:00 шамасында апелляция бердік. Қазір тергеу изоляторында отырмыз. Апелляциялық шағымды әріптестерімізбен талқылаймыз. Әркім өз атынан жазады. Біз, іс қаралған бапты өзгерту бойынша талап қоямыз", – деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.
Еске салайық, 13 мамырда өзінің әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.