Мазмұнға өту
qandastar.

Қуаңшылық кезде көзге түскен Құрмет қуанышын бөлісті

bahitzhanabzal · · 395 қаралым
Қуаңшылық кезде көзге түскен Құрмет қуанышын бөлісті

Фото: Inbusiness.kz

2021 жылы Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бүгін ол өзінің Instagram-парақшасында қуанышын бөлісіп, сүйінші сұрады.

Сүйінші ағайын, көптен күткен Махаббатыммен некемді қидым. Құтты болғай
деп қысқа жазба қалдырды ол.

Еске салайық, қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізген. Ол халықтың алғысын алып, көпшілік оның әрекетіне тамсанған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp