Мазмұнға өту
qandastar.

Құлыпталған пәтер, еденде жатқан әжей: Қонаевтағы оқиға жұртты алаңдатты

Малика Хамит · · 123 қаралым
Құлыпталған пәтер, еденде жатқан әжей: Қонаевтағы оқиға жұртты алаңдатты

Қонаев қаласында құтқарушылар пәтер ішінде дәрменсіз жатқан 85 жастағы әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

112 қызметіне 18-шағын аудандағы үйлердің бірінде орналасқан пәтердің есігін ашуға көмек қажет екені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен терезедегі темір торды кесіп, пәтерге кірген. Кейін олар есікті ішінен ашқан.

Пәтер ішінен 1940 жылы туған әйел еденде жатқан күйінде табылған. Ол өздігінен орнынан тұра алмаған. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел Қонаев қалалық орталық ауруханасына жеткізіліп, емдеуге жатқызылды.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/1784781715664.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp