Мазмұнға өту
qandastar.

Құмар ойынға қатысы бар: Қазақстанда алғаш рет Forbes тізіміндегі кәсіпкер қамалды

bahitzhanabzal · · 506 қаралым
Құмар ойынға қатысы бар: Қазақстанда алғаш рет Forbes тізіміндегі кәсіпкер қамалды

Қазақстанда алғаш рет Forbes журналының «30/30» рейтингіне енген кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  Instagram желісіндегі Syrmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкер Игорь Ем - төлем жүйелерімен айналысатын OneVision компаниясының иесі.

Тергеу мәліметінше, оның фирмасы Қазақстан аумағында «Бонами» атауымен жұмыс істеген тыйым салынған Pin Up онлайн-казиносының қаржылық операцияларын жүргізген.

Қаржы мониторингі агенттігінің  дерегіне сәйкес, қазақстандықтар аталған заңсыз онлайн-казинода шамамен 600 млрд теңге ұтылған.

Бір уақыттары азаматтардың құмар ойынға тәуелділігінен мол пайда тапқан кәсіпкер үшін жағдай күрт өзгерді. Құқық қорғау органдары оның қызметіне нүкте қойып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp