Мазмұнға өту
qandastar.

Құндыздың журналист Руслан Өтепбай туралы сөздері қоғамның талқысына түсті (ВИДЕО)

bahitzhanabzal
Құндыздың журналист Руслан Өтепбай туралы сөздері қоғамның талқысына түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде 17 жыл құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты, деп жазады qandastar.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желісіндегі shymda_ паблигінде жарияланған

Құндыздың: “Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын” деген сөзі естіледі. Сондай-ақ ол боғауыз сөздер айтып, журналистің атына ауыр сөздер келтіргені айтылып жатыр.

Желі қолданушылары бұл әрекетті түсінбей, түрлі пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі: “Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе”, “Жуас шығар деп ойласам”, “Мына сөздерді біреу жаттатып қойған”, “Ішіп алған ба”, – деп жазуда.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Құндыздың аяқ-қолы байлаулы күйде жерде қимылсыз жатқан суреті тарап, қоғам назарын тағы да осы іске аудартқанын жазған едік. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Өзекті жаңалықтар мен қызықты видеолар (@shymda_)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp