Тергеу мәліметінше, ломбардтар қарызды күніне 2 пайыздық өсіммен берген, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл заңда белгіленген 0,3 пайыздық шекті мөлшерлемеден шамамен 6,7 есе жоғары.
Қарыз шарттары бұрынғы «Альби-Ломбард» ЖШС-нің мөрі басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол және күдіктілердің бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы жүргізілген.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз қызметтен түскен табыс 146 млн теңгеден асқан.
Күдіктінің мүлкіне тыйым салынды
Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сот санкциясымен оның 21 пәтеріне, 5 жер теліміне, 7 автокөлігіне, 7 гаражына, 2 дүкені мен қонақүйіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.