Мазмұнға өту
qandastar.

Құрбан айт: шетел басшылары Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады

Малика Хамит · · 130 қаралым
Құрбан айт: шетел басшылары Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады

Президентке Құрбан айтқа орай шетел лидерлерінен құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлайды

порталы.

Құрбан айт мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Құттықтау хаттарында ислам әлемі үшін қасиетті саналатын мерекенің рухани маңызы, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі ерекше аталған.

Шавкат Мирзиёев Құрбан айттың тілі, діні және дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты бекемдей түсетінін атап өтті.

Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы беки түсетініне сенімдімін
делінген жеделхатта.

Садыр Жапаров мерекені рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың символы ретінде сипаттады.

Бұл қастерлі мейрам тарихтан тамыр тартатын достығымызды, бауырластығымызды, халықтарымыз арасындағы өзара құрметті арттыра беретініне сенімім мол
деп жазылған құттықтауда.

Эмомали Рахмон Құрбан айттың мемлекеттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталды.

Қастерлі мейрам ғасырлар бойы халықтарымызды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, өзгеге көмек қолын созуға үндеп келеді
делінген жеделхатта.

Сердар Бердімұхамедов өз құттықтауында Құрбан айттың мұсылман жұртын ортақ рухани құндылықтар төңірегінде біріктіретінін айтты.

Ортақ рухани құндылықтарға деген ұмтылыс халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете беретініне күмәнім жоқ
деп жазылған Түрікменстан басшысының жеделхатында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысын Құрбан айт мерекесімен Ильхам Әлиев, Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Хамад бен Иса Әл Халифа, Әбделмәжид Теббун және бірқатар халықаралық ұйым жетекшілері құттықтады.

Ақорданың мәліметінше, Президенттің атына жолданған құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp