Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы қанша екені белгілі болды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева алғашқы пленарлық отырыстан кейін журналистерге айтты.
Оның сөзінше, депутаттардың жалақысы еңбек өтіліне қарай есептеледі. Қазір олардың айлығы шамамен 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін.
Депутаттың еңбек өтілі көп болса, жалақысы 1 миллионға дейін барады
Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялаған еді.
Сол кезде депутаттар айына шамамен 630-650 мың теңге алатынын айтқан болатын.