Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай сайлауы: алғашқы нәтижелер белгілі болды

Малика Хамит · · 115 қаралым
Құрылтай сайлауы: алғашқы нәтижелер белгілі болды

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты алғашқы экзит-полл нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Үш ұйым жүргізген сауалнама қорытындысында «Әділет» партиясы айқын басымдықпен бірінші орынға шыққан.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметінше, дауыс бергендердің 70,7 пайызы «Әділет» партиясын қолдаған. Екінші орында 6,4 пайызбен «Ауыл» партиясы тұр. Одан кейін Respublica – 5,5%, «Ақ жол» – 5,4% және ЖСДП – 5% көрсеткішіне ие болған.

Ал «Еуразиялық интеграция институты» жүргізген зерттеуде «Әділет» партиясы 71,8 пайыз дауыс жинаған. «Ауыл» – 6,4%, Respublica – 5,4%, ЖСДП – 5,2%, «Ақ жол» – 5,1% көрсеткіш көрсетті.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының exit poll нәтижесі де осыған ұқсас. Оның дерегінше, «Әділет» партиясын сайлаушылардың 72,3 пайызы қолдаған. «Ауыл» 6,2%, ЖСДП 5%, «Ақ жол» 5,1%, ал Respublica 5,2% дауыс алған.

Үш сауалнаманың қорытындысы бойынша Құрылтайға бес партия өтуі ықтимал. Олар – «Әділет», «Ауыл», Respublica, ЖСДП және «Ақ жол». Бұл саяси күштердің барлығы алдын ала есеп бойынша сайлаудың 5 пайыздық шегінен асқан.

Қалған партиялардың көрсеткіштері межеден төмен болды. «Байтақ» партиясы 0,9-1,2%, Қазақстанның халық партиясы 2,8-3,2% аралығында дауыс жинаған. «Бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдағандар үлесі 2,1-2,6% болды.

Айта кетейік, exit poll нәтижелері сайлаудың түпкілікті қорытындысы болып саналмайды. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесін бүгін жариялауы тиіс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp