Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай сайлауы: бюллетень бекітіліп, сайлаушылар саны нақтыланды

Малика Хамит · · 93 қаралым
Құрылтай сайлауы: бюллетень бекітіліп, сайлаушылар саны нақтыланды

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Құрылтай сайлауына арналған бюллетеньнің үлгісін бекітіп, дауыс бере алатын азаматтардың нақты санын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

ОСК мәліметінше, сайлау бюллетені көк түсте болады. Оның алдыңғы бетінде Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы мен сайлау өтетін күн көрсетілсе, артқы бетінде жеребе нәтижесіне сәйкес саяси партиялар орналастырылады.

Бюллетеньде мына партиялар көрсетіледі:

1. «Әділет» партиясы;
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
3. «Байтақ» жасылдар партиясы;
4. Қазақстанның Халық партиясы;
5. «Ауыл» партиясы;
6. «Ақ жол» демократиялық партиясы;
7. «Respublica» партиясы.

Сонымен қатар бюллетеньде «Барлығына қарсымын» деген арнайы таңдау нұсқасы да сақталған.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Ең көп сайлаушы Астана, Алматы қалалары мен Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Ал ең аз сайлаушы саны Ұлытау облысында – 138 362, Солтүстік Қазақстан облысында – 365 161 адам.

ОСК азаматтарға сайлау күніне дейін учаскелік сайлау комиссиясына барып, өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын алдын ала тексеруге болатынын еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp