Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуін ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп бағалап, Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңартылған Ата заң Қазақстандағы қоғамдық-саяси реформалардың жаңа кезеңіне жол ашады. Осыған байланысты бірқатар маңызды құжат қабылданып, олардың қатарында Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлық та бар.
Президент алдағы саяси науқан партиялар арасындағы бәсекені күшейтетінін атап өтті.
Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі
Сондай-ақ мемлекет басшысы сайлау үдерісі ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтуі қажет екенін жеткізді.
Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс
Тоқаев қоғамдағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күші халық екенін айтып, азаматтардың ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші
Президент сөз соңында азаматтарды алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз