Орталық сайлау комиссиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
ОСК мәліметінше, сайлауға жеті саяси партия қатысады.
Олар: «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы.
Ал «AMANAT» партиясы бұл сайлауға қатыспайды. Бұған дейін партия «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылдаған болатын.
Осылайша, алдағы Құрылтай сайлауында сайлаушылар жеті саяси партияның өкілдеріне дауыс бере алады.