Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды

Малика Хамит · · 492 қаралым
Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды

Қазақстанда өткен Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауда «Әділет» партиясы айқын басымдықпен көш бастап, сайлаушылардың 71,17 пайыз дауысын жинаған.

Партиялардың нәтижесі мынадай:

- «Әділет» партиясы – 71,17%
- «ЖСДП» – 5,11%
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07%
- Қазақстан Халық партиясы – 3,11%
- «Ауыл» партиясы – 6,26%
- «Ақ жол» партиясы – 5,21%
- «Respublica» партиясы – 5,21%
- «Бәріне қарсымын» – 2,56%

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың қатысу белсенділігі де жоғары болған. Дауыс беруге барлығы 9 351 539 адам қатысқан. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,08 пайызына тең.

Сайлаушылардың белсенділігі бойынша Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Абай және Ақмола облыстары алдыңғы қатарда тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген.

Жалпы, сайлаушылардың тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp