Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай төрағасы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Бақытжан Мұса · · 27 қаралым
Құрылтай төрағасы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Құрылтайдың Баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.

Ол өз атынан және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының атынан қаза болған әскери қызметшілердің жақындарына қайғырып көңіл білдірді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Айбек Дәдебай.

Сонымен қатар, із-түзсіз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Құрылтай төрағасы олардың аман-есен табылып, отбасыларына оралуын тілеп, зардап шеккен әскери қызметшілердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp