Мазмұнға өту
qandastar.

Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылады

Малика Хамит · · 9 қаралым
Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылады

Қазақстан Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жаңа алаң депутаттар мен сарапшылардың, ғалымдардың, азаматтық қоғам және кәсіби бірлестіктер өкілдерінің тікелей пікір алмасуына мүмкіндік бермек.

Қоғамдық палатаның құрамына 50 адам кіреді деп жоспарланып отыр.

Палатаның негізгі бағыттарының бірі – заң жобаларын әлі әзірлеу кезеңінде, яғни «нөлдік оқылымға» дейін қоғамдық және сараптамалық талқылаудан өткізу. Бұл кезеңде мамандар өз ұсыныстарын айтып, балама пікірлерін білдіре алады.

Сонымен қатар жаңа алаңда Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Енді Құрылтай Бюросы Қоғамдық палатаның ережесін бекітіп, оның құрамын анықтайды. Сондай-ақ басшылық қызметтерге тағайындаулар жасалады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp