Құрылтай депутаттары отырыс кезінде депутаттық жұмысына қатысы жоқ мәселелерді көтере алмайды, деп хабарлайды
порталы.
Тіпті мінберден туыстарын құттықтауға да болмайды.
Бұл туралы депутат Снежана Имашева брифингте айтты.
Оның сөзінше, Мәжілістің бұрынғы регламентінде мұндай нақты шектеу болмаған. Ал Құрылтайдың жаңа регламентінде депутаттардың не туралы сөйлеуіне қатысты талаптар бекітілген.
Яғни депутат мінберде тек өз өкілеттігі аясындағы мәселелерді қозғауы керек. Бұл талап Құрылтай отырыстарына ғана емес, оның консультативтік органдарының жиындарына да қатысты.
Ережені бұзған депутатқа:
- ескерту жасалуы;
- кешірім сұратылуы;
- бір немесе үш отырыста сөз сөйлеуіне тыйым салынуы;
- бір-екі отырыстан шығарылуы мүмкін.
Ал ең қатаң шара — бір күндік жалақысынан айыру.
Сонымен қатар депутаттарға әріптестерінің ар-намысына тиетін сөздер айтуға, жалған ақпарат таратуға және баяндамашыларға негізсіз ескерту жасауға болмайды.
Мұндай жағдайларды депутаттық этика жөніндегі кеңес қарайды. Соңғы шешімді Құрылтай сессиясы қабылдайды.