Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының соңғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды
порталы.
Соңғы есеп бойынша бұған дейін айтылған алдын ала нәтиже өзгермеген.
Партиялардың жинаған дауысы мынадай:
- «Әділет» – 71,17%
- «Ауыл» – 6,26%
- «Respublica» – 5,56%
- «Ақ жол» – 5,21%
- ЖСДП – 5,11%
- Қазақстан Халық партиясы - 3,11%
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07%
- «Бәріне қарсымын» – 2,51%.
Заң талаптарына сәйкес, сайлауда кемінде 5% дауыс жинаған партиялар ғана Құрылтайға өте алады.
Осы нәтижеге сәйкес, жаңа бір палаталы парламентте бес саяси партияның өкілдері депутат атанады.
Ал 5 пайыздық межеге жете алмаған екі партия Құрылтай құрамына кірмейді.