Мазмұнға өту
qandastar.

Күйеуінен жасырмақ болған: СҚО тұрғыны сиырын сатып, полицияға жалған хабар берген

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында әйел күйеуіне білдірмей сатып жіберген сиырының жоғалғаны туралы полицияға жалған хабар берген. Құқық қорғау органдары малды екі күн бойы іздеп, іздестіруге дрон мен қызметтік итті жұмылдырған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Полицияға жүгінген әйел сиырының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Алайда іздестіру барысында малдың ұрланбағаны анықталды.

Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны күйеуінің келісімінсіз сиырын 550 мың теңгеге сатып, түскен ақшаны әпкесіне қаржылай көмек ретінде берген. Ал бұл әрекетін жұбайынан жасыру үшін полицияға малдың жоғалғаны туралы жалған мәлімет ұсынған.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің екі күндік іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін әйел заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp