Мазмұнға өту
qandastar.

Күйік асуындағы жол жөндеуден бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Малика Хамит
Күйік асуындағы жол жөндеуден бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Күйік асуындағы тас жолды жөндеу кезінде құрылыс материалдарының бағасы негізсіз көтерілген, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Прокуратура жүргізген тексерістен кейін мемлекет қазынасына 191,3 млн теңге қайтарылды.

Жамбыл көлік прокуратурасы «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының Күйік асуы арқылы өтетін бөлігін жөндеу құжаттарын тексерген. Нәтижесінде жол жамылғысын нығайтуға арналған геотордың құны сметада шектен тыс көрсетілгені анықталды.

Атап айтқанда, нормативтік баға бойынша материалдың бір шаршы метрі 2 579 теңге тұруы керек болған. Алайда мердігерлер оны сметаға 3 544 теңгеден енгізген. Осылайша, жөндеу жұмыстарының жалпы құны 185,9 млн теңгеге негізсіз өскен.

Прокуратураның араласуынан кейін қосылған құн салығын қоса есептегенде, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды.

Қазір жол жөндеу жұмыстарының заңдылығы мен сапасы прокуратураның бақылауында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp