Мазмұнға өту
qandastar.

Қырғызстан тарихи жетістікке жетті: Тоқаев Жапаровқа жеделхат жолдады

Малика Хамит · · 45 қаралым
Қырғызстан тарихи жетістікке жетті: Тоқаев Жапаровқа жеделхат жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысы Қырғызстанның 2027-2028 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын маңызды тарихи жетістік ретінде бағалады.

Құттықтау жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаның Қырғызстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия өңірі үшін де ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие. Қырғыз Республикасы Президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды. Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттады әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін!
деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы уақытта да Қырғызстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, халықаралық алаңдарда қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp