«Қыркүйек» пен «қыргүйек» сөздерінің қайсысы дұрыс жазылатыны туралы пікірталас мемлекеттік деңгейде талқыланды, деп хабарлайды
порталы.
Вице-президент Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында бұл мәселе тек тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатысты емес екенін айтты.
Оның сөзінше, қазақ тілі мемлекеттік тіл әрі қазір мемлекеттік аппаратта кеңінен қолданылып жатқандықтан, сөздердің дұрыс жазылуы ресми жұмысқа да тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты тіл саясатына жауапты мекеме басшылары мен белгілі ғалымдар бас қосып, мәселені талқылаған.
Жиында қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Ол үшін ғалымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, жаңа сөздік дайындалады. Кейін еңбек Мекемеаралық комиссияның қарауына ұсынылып, бекітіледі.
Қариннің айтуынша, қолданыстағы Орфографиялық сөздік 2013 жылы жарық көрген. Содан бері қазақ тілінде көптеген жаңа сөздер мен терминдер пайда болды. Сондықтан қазіргі пікірталастардың бір себебі де осы болуы мүмкін.
Бұл істе асығыстық танытуға болмайды әрі созып жүруге де уақыт жоқ
Вице-президент жаңа Орфографиялық сөздікке Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағы секілді ұлттық жоба ретінде қарау қажет екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)