Мазмұнға өту
qandastar.

Қытай әуе компаниялары Ресейдің оңтүстігі арқылы ұшуды тоқтатты

bahitzhanabzal · · 303 қаралым
Қытай әуе компаниялары Ресейдің оңтүстігі арқылы ұшуды тоқтатты

Фото: ашық дереккөз

Қытай әуе компаниялары Ресейдің оңтүстігі арқылы ұшуды тоқтатты, деп хабарлады qandastar.kz

Қытайдың басты әуе компаниялары, соның ішінде Air China, China Southern Airlines және Hainan Airlines, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Әзербайжан жолаушылар ұшағының апатынан кейін Ресейдің оңтүстігі арқылы ұшудан бас тартты. Енді Қытайдан Грузия, Түркия және Италияға бағытталған рейстер Қазақстан, Әзербайжан немесе Ресей мен Әзербайжан арасындағы шекара бойымен өтеді, ал Дағыстанның әуе кеңістігінен ұшақтар мүлдем өтпейді.

atamekenbusiness_qaz жазғандай, қазіргі уақытта Ресейге ұшатын әуе компанияларының саны азайып, рейстердің басым бөлігін қытайлық әуе тасымалдаушылар жүзеге асырып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp