Мазмұнға өту
qandastar.

Қытай азаматы «Маңғыстаумұнайгазды» басқарады

bahitzhanabzal · · 204 қаралым
Қытай азаматы «Маңғыстаумұнайгазды» басқарады

Фото: ашық дереккөз

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай-газ компаниясында  ротация болды. Енді компанияны Қытай азаматы Вэн Цзяцзюнь басқарады, деп жазды qandastar.kz

«2024 жылғы 2 желтоқсанда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Вэнь Цзяцзюнь MMГ бас директоры болып тағайындалды», - деп хабарлады компания.

Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Ресейде оқыған.

2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp