Мазмұнға өту
qandastar.

Қытайда сел салдарынан 10 адам қаза тапты

bahitzhanabzal
Қытайда сел салдарынан 10 адам қаза тапты

Қытай Халық Республикасының солтүстігінде, Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы кемпинг аумағында сел жүрген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 2 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап мәлімдеді.

Олардың дерегінше, оқиға 16 тамызда Баян-Нур қаласының маңында болған. Сел жүргеннен кейін 13 туристпен байланыс үзілген, олардың біреуі құтқарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметтерінің 700-ден астам маманы жұмылдырылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp