Мазмұнға өту
qandastar.

Қытайдағы қандастар елге оралуда

bahitzhanabzal · · 337 қаралым
Қытайдағы қандастар елге оралуда

Фото: ашық дереккөз

Қандастарды қабылдау квотасы ұлғайды. Биыл 8 758 қандас елге оралды. Көбі - Қытайдан, - деп хабарлайды qandastar.kz.

Қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты қабылдау квотасы 600-ге ұлғайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулыға өзгеріс енгізді. Соған сәйкес, өңірлік квота саны 2433-тен 3033-ке көтерілді. Ал қоныс аударушылардан бұрынғыдай 6500 емес, 7055 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Бұйрық 24 тамызда күшіне енеді.

Жалпы 1991 жылдан бері 1 млн 137 мың қандасымыз елге оралды. Биыл 8 758 этникалық қазақ қоныс аударды. Оның басым көпшілігі Қытайдан келді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp