Мазмұнға өту
qandastar.

Қытайға кіріп-шығу тәртібі өзгереді: Жаңа шектеулер кімдерге қатысты?

Бақытжан Мұса · · 28 қаралым
Қытайға кіріп-шығу тәртібі өзгереді: Жаңа шектеулер кімдерге қатысты?

Қыркүйектің 15-інен бастап Қытайға кіріп-шығудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұған қатысты тиісті қаулыға елдің премьер-министрі Ли Цян 31 шілдеде қол қойды. 19 баптан тұратын жаңа құжат елдің ұлттық технологиялық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін және даму мүдделерін қорғауға бағытталған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Qazaqstan.tv поралына сілтеп хабарлады.

Қаулыдағы басты үш шектеу:

  • Технологиялық қауіпсіздікті қорғау: Технология импорты мен экспорты тәртібін бұзып, елдің өнеркәсіптік және технологиялық қауіпсіздігіне қатер төндірген Қытай азаматтарының шетелге шығуына тыйым салынады.

  • Заң бұзғандарды елден шығармау: Шетелде жүріп қылмыс жасаған және ұлттық мүддеге нұқсан келтірген Қытай азаматтарына 6 айдан 3 жылға дейін ел аумағынан шығуға тосқауыл қойылады.

  • Шетелдіктерге қойылатын талап: Виза ресімдеу кезінде немесе шекарада жалған ақпарат берген шетел азаматтарына Қытайға кіруге 1 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Айта кетейік, Халық полициясы университетінің профессоры Го Юнлянның мәліметінше, 2025 жылы Қытай шекарасында 697 миллион кіріп-шығу сапары тіркеліп, абсолютті рекорд орнатылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp