Мазмұнға өту
qandastar.

«Қызды «жат-жұрттық» деп жақындатпау – фашизм» – Дина Төлепберген

bahitzhanabzal · · 234 қаралым
«Қызды «жат-жұрттық» деп жақындатпау – фашизм» – Дина Төлепберген

Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыз бала, әйел туралы қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, ата-анасы қызын «жат-жұрттық» емес, «жаным» десе жөн болады.

Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын. «Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік алғышарты
деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бөлісу: Telegram WhatsApp