Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылорда облысында еріген қар суы ауылға кірді

bahitzhanabzal · · 215 қаралым
Қызылорда облысында еріген қар суы ауылға кірді

Фото: скрин

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың жылдам еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне топан су жайылды, деп хабарлады  qandastar.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, қарғын су тұрғын үйлерге кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Тасқын судың салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам, 14 техника, соның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерге су кіруіне жол берілген жоқ. Қазір еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp