Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада 2026 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

Бақытжан Мұса · · 156 қаралым
Қызылордада 2026 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Сәбилер 2026 жылғы 27 наурызда жүктіліктің 32 аптасында өмірге келген. Оларға Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.

Туған кезде салмағы 1210, 1470 және 980 грамм болған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған бөлімшесінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.

Мамандардың айтуынша, заманауи медициналық көмек пен үздіксіз күтім нәтижесінде балалардың жағдайы тұрақтанып, салмақтары айтарлықтай артқан. Қазіргі уақытта олардың салмағы 2390, 3390 және 2060 граммға жеткен.

Сәбилердің ата-анасы – 32 жастағы Бекбаулы Мөлдір мен 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Отбасы Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылында тұрады және бұған дейін де екі баланы тәрбиелеп отырған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp