Қызылордада құтқарушылар терезе алдында отырған кішкентай баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Чайковский көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Үшінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінде отырған баланы байқаған тұрғындар бірден төтенше жағдай қызметіне хабарласқан.
[video width="848" height="392" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/1779162914807.mp4"][/video]
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы үш иінді сатыны пайдаланып, терезе маңында тұрған баланы қауіпсіз жерге алып шықты.
Белгілі болғандай, пәтердің есігі іштен құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.
Шамамен 4 жастағы бала кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді.