Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада белгісіз дерттен жылқылар қырылып жатыр

Бақытжан Мұса · · 1 711 қаралым
Қызылордада белгісіз дерттен жылқылар қырылып жатыр

Қызылорда облысының екі ауданында жылқы өсіретін шаруалар малдың белгісіз дертке шалдығып, жаппай қырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты "Астана" порталына сілтеп хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша, ауру шілде айында басталған. Дертке шалдыққан жылқылардың басы ісініп, жақтары қарысып, жем-шөп жей алмай қалады. Сондай-ақ олар су ішуге қиналып, бірнеше күннің ішінде өліп жатқан көрінеді.

Шаруалардың сөзінше, жайылымдарда қырылған жылқылар көбейгенімен, індеттің нақты себебі мен емі әзірге белгісіз. Олар бұл мәселеге құзырлы органдардың жіті назар аударуын сұрайды.

Ал ветеринариялық қызмет мамандары ауру малдардан алынған қан сынамалары облыстық зертханаға жіберілгенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, бұл трипаносомоз (су ауруы) болуы мүмкін. Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері күтіліп жатыр. Мамандар өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін айтады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp