Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада кене шаққан азамат қайтыс болды

bahitzhanabzal · · 1 128 қаралым
Қызылордада кене шаққан азамат қайтыс болды

Фото:

depositphotos.com

Қызылорда Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны.

Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді
деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылған. Оның 7-інде диагноз расталды.

Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді
деді басқарма басшысы.

Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейіп келеді. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp