Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Бақытжан Мұса · · 675 қаралым
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Шара барысында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде келудің 26 дерегі тіркелді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзу сипатындағы 15 жағдай анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 58 фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.

Бұдан бөлек, 3 жүргізуші көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін, ал 1 азамат жүргізуші куәлігі мен қажетті құжаттары болмағаны үшін жауапқа тартылды.

Мәселен, Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған Chevrolet Cobalt көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 20 жастағы жүргізушінің алкоголь ішкені анықталды. Ал Арал ауданында мотокөлік басқарған азаматтың ауыр дәрежеде мас күйде болғаны белгілі болды. Аталған жүргізушілерге қатысты заң аясында шаралар қолданылып, көліктері айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp