Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада пара алған полиция бастығы ұсталды

bahitzhanabzal · · 192 қаралым
Қызылордада пара алған полиция бастығы ұсталды

Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталмыш ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп жазды qandastar.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды
деп жазылған полиция хабарламасында.
Бөлісу: Telegram WhatsApp