Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада шенеуніктер футболға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ

bahitzhanabzal · · 175 қаралым
Қызылордада шенеуніктер футболға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ

Фото: egemen.kz

Қызылорда облысында шенеуніктер футболға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы салуды жоспарлап отыр, деп qandastar.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының Денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы; атауы – спорттық клубтар қызметі; қосымша ақпарат – Премьер-лига командалары арасындағы чемпионатта, екінші лига командалары арасындағы чемпионатта, футбол Кубогына облыстық футбол командасының дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу жөнінде қызметтері; жолспарланған қаражат – 1,2 миллиард теңге
делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтініштер 17-19 ақпан аралығында қабылданады.

Тағы бір лоттың сипаттамасында "Футбол орталығының (балалар-жасөспірімдер командаларының) облыстық футбол клубының 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының ойындар күнтізбесіне сәйкес жасөспірімдер құрамалары арасында өтетін ресми республикалық сайыстарға дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу қызметтері" делінген. Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы. Қажет сома –

436 612 400 теңге

. Бұл конкурсқа өтінімдер қабылдау 12 ақпанда басталып, 17 ақпанда аяқталады.

Шенеуніктер жалпы екі лотты қосқанда футболға

1 636 612 400 теңге

жұмсамақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp