Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада студент 15 жастағы қызды зорлап, денесін пышақпен тілген

bahitzhanabzal · · 334 қаралым
Қызылордада студент 15 жастағы қызды зорлап, денесін пышақпен тілген

Қызылордада колледжде оқитын студент қыз өзін 21 жастағы жігіт төсек қатынасына тартып, әбден қорлады деп шағымданды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы журналист Жанғали Ысқақовтың Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, жәбірленуші әлі кәмелетке толмаған.

Жасы 15-те. Бірақ шынашақтай қыздың сөзіне сенсек, жаздан бері жігіттен көрмеген азабы қалмаған. Зорлағанымен қоймай, үйінде ішіп алып, пышақпен денесін тілген. Тіпті достарына ұрғызған. Қыз анасы екеуі полицияға арызданыпты. Қызылорда облыстық полиция департаменті жігітті әлі қамамаған дейді
деп бөлісті журналист.
Бөлісу: Telegram WhatsApp