Қызылордалық полицейлер биыл 8 айда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу нәтижесінде 210 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды
.
Оның басым бөлігі есірткіні өсіру, өткізу және жарнамалауға бағытталған.
Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, заңсыз айналымнан 1 тонна 315 келі есірткі алынды.
Аймақта есірткінің басқа түрлеріне қарағанда марихуана көбірек өтімді болып тұр. Сондай-ақ синтетикалық есірткі заңсыз айналымға енгелі героинді айналымнан ығыстырды. Оның интернет және әлеуметтік желілер арқылы таралуы ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға кері әсерін тигізіп отыр
Сондай-ақ үй жағдайында сора өсірген 5 фитозертхана анықталды. Маусым айында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары құрықталды.
Жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффити суреттер азайды. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1050 сайт енгізіліп, бұғатталды. Профилактикалық іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 17 млн теңге бөлінді