Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордадағы аттракционда қайғылы оқиға: 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды

Малика Хамит · · 62 қаралым
Қызылордадағы аттракционда қайғылы оқиға: 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды

Қызылорда қаласындағы "Арай" саябағында болған ауыр жазатайым оқиға салдарынан 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға аттракциондардың бірінде болған.

Зардап шеккен жас жігіт ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер шұғыл операция жасауға мәжбүр болған.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың өмірін сақтап қалу үшін сол аяғы жамбастың жоғарғы бөлігі деңгейінде, ал оң аяғы тобық тұсынан ампутацияланған.

2007 жылы туған науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Сол аяқты жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде ампутациялау және оң аяқты тобық буыны деңгейінде ампутациялау жүргізілді
деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Тергеу еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы салдарынан адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру бабымен жүргізіліп жатыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp