Испанияның «Барселона» клубының аңызға айналған «Ла Масия» академиясында кезекті жас талант жарқырап келеді. U-12 жас санатында өнер көрсететін 12 жасар Уго Гальдеано халықаралық турнирдегі таңғажайып шеберлігімен әлемдік футболсүйер қауым мен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, дейді Qandastar.kz.
Жас аяқдопшының қатысуымен түсірілген бейнежазбалар желіде тез тарап, миллиондаған қаралым жинауда. Сарапшылар Гальдеаноның жас айырмашылығына қарамастан:
-
Жоғары дриблинг пен финттерді еркін қолданатынын;
-
Алаңды көре білу қабілеті мен бір тиюден беретін дөп пас түрін шебер меңгергенін;
-
Алаңдағы жоғары сенімділігін айрықша атап өтуде.
Уго Гальдеано — белгілі испандық футболшы Апоньоның (Антонио Гальдеано) ұлы. Барселона академиясының бапкерлері жас таланттың сол аяқпен ойнау техникасы мен стилін аңызға айналған Лионель Мессидің жас кезіне ұқсатуда.
Халықаралық балалар турнирлерінде өз құрамасының көшбасшысына айналған Угоның әрбір матчын қазір скауттар мен футбол мамандары жіті бақылап отыр. Көпшілігі оны «Ла Масияның» кезекті жарық жұлдызы болады деп болжауда.