Мазмұнға өту
qandastar.

Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетінің мүшесі болып сайланды

Бақытжан Мұса · · 102 қаралым
Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетінің мүшесі болып сайланды

Қазақстандық қоғам қайраткері және Сенаттың бұрынғы депутаты Ләззат Қалтаева БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің құрамына сайланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Тиісті шешім Нью-Йоркте өткен Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясында қабылданды. Іс-шара барысында делегаттар комитеттің жаңа мүшелерін сайлады.

Дауыс беру нәтижесінде Қазақстан атынан ұсынылған Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауына ие болып, 2027–2030 жылдарға арналған мерзімге комитет мүшесі атанды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің мәліметінше, бұл нәтиже кандидаттар арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.

Комитет құрамына сондай-ақ Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия мемлекеттерінің өкілдері енді.

Ләззат Қалтаева мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Ол инклюзивті қоғам қалыптастыру, қолжетімді орта құру және тең мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы бастамаларға белсенді қатысып, әсіресе мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp