Мазмұнға өту
qandastar.

Лионель Месси Астурия ханшайымы сыйлығымен марапатталды

Бақытжан Мұса
Фото Getty Images
Фото Getty Images

Әлемге әйгілі футболшы Лионель Месси «Premios Princesa de Asturias» салтанатты рәсімінде марапатқа ие болып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Салтанатты шарада қара костюм мен галстук киген аргентиналық футболшы сахнаға көтеріліп, арнайы марапатты қабылдап алды. Залға жиналған қонақтар мен жанкүйерлер спортшыны ду қол шапалақтап қарсы алды.

Рәсім барысында Месси марапатты табыстаған тұлғамен қол алысып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар залда отырған футболшының жұбайы да оның жетістігіне қуанып, қолдау білдірді.

«Premios Princesa de Asturias» — ғылым, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы елеулі жетістіктерді мойындайтын халықаралық марапаттардың бірі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp