Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев жақын күндері Лондонға аттанып, әйгілі «Челси» клубының қатарына ресми түрде қосылады, деп хабарлайды
порталы.
Жақында ғана мектеп бітіріп, аттестат алған футболшы алматылық жанкүйерлер алдындағы соңғы ойынын өткізіп, екі гол соғып көзге түсті. Кездесуден кейін жанкүйерлер жас талантты ерекше құрметпен шығарып салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)
Соңғы екі жылда Дастан Сәтпаевтың есімі қазақстандық футболдағы ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. 2025 жылдың ақпанында лондондық «Челси» мен алматылық «Қайрат» ойыншының трансфері бойынша келісім жасап, мәміле құны 4,3 миллион еуроға бағаланған еді. Тараптар бес жылдық келісімшартқа қол қойған.
«Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаевтың айтуынша, ағылшын клубы ресми хат жолдап, ойыншыны 26 маусымға дейін Лондонға жеткізуді сұраған.
Челси» командасы 29 маусымда Австралиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады. Сондықтан олар Дастанның 26 маусымда Лондонда болғанын қалайды. Біз бұл өтінішті толық қолдадық. Ол алдымен сырт алаңдағы бір матчқа қатысуы мүмкін, содан кейін бірнеше күн демалып, 26 маусымда анасымен бірге Англияға ұшады
Осылайша, қазақ футболының ең жарқын таланттарының бірі әлемдік деңгейдегі клубтағы мансабының жаңа тарауын бастауға жақындап қалды.