Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты. Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында
Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу
осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.